БАЛАБАҚШАҒА ТІРКЕЛУ

«Шарбұлақ» бөбекжай-бақшасына баланы алып келу үшін ата аналар алдымен  «Smartnation» немесе «EGOV» порталына  тіркеліп кезекке тұрады және орын босағанда жолдама алады. Жолдама алған соң баланың медициналық «Денсаулық паспортын» басқа негізгі  құжаттармен бақшаға алып келеді. Құжаттары дұрыс болса бала бақшаға қабылданады.

***

Баланы бақшаға алып келген кезде ауыстыратын киім, аяқ киім, ұйықтарда киетін киімдерін қоса алып келеді. Бала бақшаға үйрену үшін, баланы алғашқы үш күн түсте алып кетеді одан кейін бала толық күнге қалады.